Бүгін Ньон қаласында (Швейцария) Чемпиондар Лигасы мен Еуропа Лигасының жартылай финалдық жұбына жеребе рәсімі өтті.

Жеребе УЕФА Еуропа лигасының финалына таласатын командаларды төмендегідей бөлді:

Севилья (Испания)  – Валенсия (Испания)

Бенфика (Португалия) – Ювентус (Италия)

Жартылай финалдың бірінші кездесуі 29 сәуірде болса, жауапты матч 1 мамырда болады. Ал финалда номиналды алаң иелері болып бірінші жұптың жеңімпазы саналады. Ақтық сын Турин қаласында өтеді.