«Колорадо Эвеланш» командасының қақпашысы Семен Варламов маусымдағы жеңістердің саны бойынша Патрик Руа орнатқан клубтық рекордты өзгертті.

Сырт алаңда «Ванкувер Кэнакске» қарсы кездесудегі жеңіс Варламов үшін 41-ші болып тіркелді. Қазір Денверлік клубтың бас бапкері қызметін атқарып жатқан Патрик Руа 13 жыл бұрын командамен бірге 40 мәрте жеңіске жеткен.

«Ванкуверге» қарсы Варламов өз қақпасына бағытталған 40 соққының 38-ін кері қайтарды.

«Ванкувер Кэнакс» – «Колорадо Эвеланш» 2:4

1:0 - Хенрик Седин (Дэн Хэмьюс, Даниэль Седин), 13:522:2 - Дейвид Бут (Дэн Хэмьюс, Александр Барроуз), 47:001:1 - Пол Штястны, 18:391:2 - Пол Штястны (Эрик Джонсон, Натан Маккиннон), 45:212:3 - Тайсон Барри (Джейми Макгинн), 52:302:4 - Джон Митчелл, 59:17

Төрешілер: Крис Ли (Сейнт Джон, Канада), Иан Уолш (Филадельфия, США).«Роджерс-арена»