Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Пелхамда (АҚШ) өтіп жатқан ІTF Legacy Credit Union додасының ширек финалына шықты.

Екінші айналымда Путинцева америкалық Чиара Шоллды тізе бүктірді – 6:0, 6:2. Қазақстандық спортшының ширек финалындағы қарсыласы турнирдің екінші ракеткасы Мишель Лачер де Брито болмақ. Португалиялық теннисші екінші айналымда чех Катерина Крамперованы 7:5, 6:2 есебімен жеңді.

Жерлесіміз де Бритоны бір мәрте ұтқан болатын. Дәлірек айтқанда, Брюссельде өткен турнирдің екінші айналымында Путинцева жеңіске жеткен-ді – 6:4, 6:1.