Қазақстан футбол Федерациясының бас хатшысы Саян Хамитжанов қызметінен босатылды.

Бейресми ақпараттарға сүйенсек, Хамитжановтың бұл қадамы өзге қызметке ауысуына байланысты болып тұр.

Қазақстан футбол Федерациясының атқарушы директоры Олжас Абраев жеке «Твиттерінде» «ҚФФ басшылығында кадрлық өзгерістер» деп жазды.

Естеріңізге сала кетсек, Саян Хамитжанов 2013 жылдың қыркүйек айында орнын босатпақ болған.

«PROСПОРТ Қазақстан» тілшісіне белгілі болғандай, футбол Федерациясының бас хатшысы қызметін бұдан былай ҚР спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы Аллен Чайжунусов атқарады.