«Қайрат» футзал клубының қақпашысы Игита өз командасының Қазақстан біріншілігінің соңғы ойындарына қандай күйде келетінін айтып өтті.

 – Игита, біріншіліктің кезекті «алтынынына» бір ғана қадам қалды. Демалыс күндері өтетін ойындарға команда қаншалықты дайын?

 – Бізге «СКА-Юг-ты» ұту керек. Егер алты ұпай жинасақ – біз біріншіліктің жеңімпазымыз. Әрине, бұл қарапайым математика. Ал чемпион болу үшін чемпиондар сияқты ойнау қажет.

 – Жақында «Тұлпарға» қарсы өткізген матчқа қандай оймен бардыңдар?

 – Қарағандыда қиын болатынын білеміз. Бірінші ойында ойымыз жүзеге аспады. Жігіттер жарады, соңғы күші қалғанша ойнады. Аз ғана жетпей қалды. Екінші кездесуде жеңісімізге жүз пайыз сенімді болдық, сондықтан да біз жеңіске жеттік.

 – «СКА-Юг-ке» қарсы кездесуден кейін «Қайратқа» тағы да екі мәрте қарағандылықтармен күш сынасу қажет...

 – Бұл ойындарда да алты ұпай еншілеуді көздеп отырмыз. Тіпті ол уақытқа дейін чемпион атанып қойсақ та, біріншілікті жеңіспен аяқтағымыз келеді. Сондықтан «Тұлпарға» қарсы кездесуге тиісінше дайындаламыз.