Хоккейден Әлем біріншілігінің В тобында Қазақстан әйелдер құрамасы төртінші рет жеңілді. Бұл жолы жерлестеріміз Қытайға жол берді.

Бірінші кезеңде қытайлықтар екі мәрте шайбаны дәл бағыттап, алға шыққан болатын. Үшінші жиырма минуттықта Татьяна Королева есеп айырмасын қысқартқанмен, жеңіс Қытайдың уысында кетті – 2:1.

12 сәуірде Қазақстан Венгриямен кездеседі.