Манилада өтіп жатқан клубтар арасындағы волейболдан Азия чемпионатының топтық кезеңін «Конденсат-Жайықмұнай» сәтті бастады.

8сәуір күні гонконг клубы «Грин Драгон» үш партияда тас-талқан қылса, келесі күні түрікменстандық  «Миграсииді» 3:1 есебімен жеңді.

Топтық кезеңде «Конденсат-Жайықмұнай» катарлық «Аль-Райян» мен омандық «Сохар» клубтарымен кездеседі.

Алғашқы екі орынды иемденген командалар ширек финалға шығады.