Кәсіпқой Футбол Лигасының басшысы Михаил Гурман «Қайрат» пен «Астана» кездесуі туралы өз ойын білдірді.

«Кешегі матчта «Қайрат» жанкүйерлерінің төрешіге неге наразылық білдіргенін түсінбедім. Артем Кучин ойынды жоғары дәрежеде төрелік етті. Бас төреші матч инспекторынан да жоғары баға алды.  «Қайрат» сапынан екі ойыншы да әділетті түрде алаңнан қуылды», - деді Гурман.