Қазақстан чемпионатының 5-ші туры аясындағы «Астана» мен «Қайрат» кездесуінің соңындағы баспасөз - мәслихаты.

Григорий Бабаян, «Астана» футбол клубының бас бапкері:

- Матч біз күткендей қызықты өрбіді. «Қайрат» өз жанкүйерлерінің алдында намысқа тырысып бағатынын білдік. Сондықтан, ойынға ерекше дайындықпен келдік. Алғашқы таймда сөзсіз алматылықтар басымдық танытты, ал біз болсақ қарсы шабуылдарға иек арттық. «Қайрат» ойыншыларына бос кеңістік қалдырмауға тырысық. Екінші кезеңде бірнеше позициялық ауысулар болды. Жалғыз үміт Бауыржан Жолшиевте болды. Бірақ Бауыржан көзге түсе алмады. Ойын соңындағы қақтығысқа келер болсақ, Плиев Каньястың бетінен ұрғаны үшін алаңнан қуылды. Төреші әділетті шешім қабылдады деп санаймын. 

 

Владимир Вайс,  «Қайрат» футбол клубының бас бапкері:

- Қазіргі таңда бір ұпайдың өзі бізге үлкен олжа. Сегіз футболшымен он бес ойыншыға қарсы ойынау өте қиын (Вайс мырзаның не туралы айтқаны түсініксіз – автор). Қазақстандағы футбол мен төрешілерге айтар сөзім жоқ. Мен қазақ жеріне тек «Қайратқа» көмектесу үшін келдім. Егер Қазақстанда футболы осылай бетімен кете берсе, болашақта не боларын білмеймін. Бізді қонақта, тіпті өз алаңымызда аяғымыздан шалады. Бұл туралы ары қарай айтудың керегі жоқ деп ойлаймын. Ойынға келер болсақ, матч тең өрбіді. «Астана» жабық футбол ойнады, тек Жолшиевтен қауіптендік. Кеше Лачны жаттығу кезінде жарақат алып қалды. Матч соңында мені неге алаңнан қуғанын түсінбедім. Мен тек «Астанға» бұл керек емес дедім. Алдағы матчтарда жас футболшыларды ойнатуға тырысамыз.