Молдаваның 2013 жылғы үздік боксшысы Дмитрий Галагоцқа Қазақстан қызығып жатыр, деп хабарлайды молдавалық басылым.

Дереккөзге сенсек, бізбен қатар аталмыш спортшыны Германия да өз қатарынан көргісі келеді екен. Айта кетерлігі, Галагоц бұрынырақ Германия, Қазақстан және Болгария  клубтарының сұранысын қабылдамаған болатын. Енді былғары қолғап шебері ойын өзгертіп, келіссөз жүргізуге дайын.