Футболдан Қазақстан чемпионатының бесінші турында ел чемпионы «Ақтөбе» талдықорғандық «Жетісумен» кездесті. 

Омари Тетрадзенің командасы қорғаныста сәтті ойнағанымен өз қақпасына гол жіберіп алды. Екінші таймның 73-ші минутында Маркос Пиззели «Жетісудің» қақпасынан саңлау тапты - 1:0. 

Футболдан Қазақстан чемпионаты. 5-ші тур.

«Ақтөбе»-«Жетісу»-1:0(0:0)

Гол: Пиззелли, 73

Алаңнан қуылған: Заречный, 81