Қарағандылық «Шахтер» ел чемпионатының 5-ші турында «Атырауды» қабылдады.

Өте тартысты өрбіген матч кеншілердің жеңісімен аяқталды – 2:0. Кездесу барысында алты сары қағаз көрсетілді. Екінші таймда Ұлан Қонысбаев матчтағы бірінші голды соқса, ойын аяқталуына бір минут қалғанда Андрей Порываев жалпы есепті қорытындылады.

Футболдан Қазақстан чемпионаты. 5-ші тур.

«Шахтер»-«Атырау»-2:0(0:0)

Голдар: Қонысбаев,  56, Порываев, 89