Футболдан Қазақстан чемпионатының 5-ші турында қостанайлық «Тобыл» мен қызылордалық «Қайсар» күш сынасты.
«Қайсардың» шабуылшысы Сергей Струков ойынның 28-ші минутында қонақтарды есепте алға шығарды. Бірдең «Тобыл» ойыншылары есепті теңестіруге ұмтылды. Осылайша, екінші таймның басында Томаш Шимкович таразы басын теңестірді. Әйтсе де, ойын соңына дейін есеп өзгермеді – 1:1.
Футболдан Қазақстан чемпионаты. 5-ші тур
«Тобыл»-«Қайсар»-1:1
Голдар: Шимкович, 50 – Струков, 28
Комментарии