Лондондық «Челсидің» бас бапкері Жозе Моуринью Чемпиондар Лигасы аясындағы ПСЖ-мен өткен матчтан кейін журналистердің сұрақтарына жауап берді.

«Екінші таймда «ПСЖ» қорғаныста көп ойнады. Қасымдағы көмекшіме: «Есеп 1:1 немесе 2:0 болады дегенмін», бір минуттан кейін есеп 2:0 болды.

«Ойыншыларыма: Бір жыл бұрын Еуропа лигасында «Рубинмен» ойнағансыңдар, сондықтан бұл кездесуден ләззат алыңдар», - деп айтыпты Моуриньо.  

Естеріңізге сала кетсек, былтырғы маусымда лондондық клубты «Наполидің» қазіргі бас бапкері Рафаэль Бенитес жаттықтырған.