УЕФА Чемпиондар Лигасының ширек финалында мадридтік «Реал» мен лондондық «Челси» келесі кезеңге жолдама алды.

«Реал» «Боруссиядан» ұтылғанымен, қос кездесудің қорытындысы бойынша жартылай финалға шықты.  Дортмундта өткен кездесу 2:0 есебімен аяқталды. Марко Ройс дубльдің авторы атанды. 

«Боруссия» (Дортмунд, Германия) – «Реал Мадрид» (Мадрид, Испания) – 2:0 (2:0)

Голдар: Ройс 24, 37

 

 «Челси» қонақта соққан голдың арқасында «ПСЖ»-ны жарыс жолынан шығарды. Алдымен жарақат алған Азарды алмастырған Шюррле есепті ашса, ойынның аяқталуына үш минут қалғанда Демба Ба лондондық клубты келесі айналымға шығарды.

«Челси» (Лондон, Англия) – «ПСЖ» (Париж, Франция) – 2:0 (1:0)

Голдар: Шюррле 32; Ба 87