«Миннесоты Уайлд» командасының қақпашысы Илья Брызгалов 7-ші сәуір күні ҰХЛ-ның екінші жұлдызы атанды, - деп хабарлайды nhl.com.

Ресейлік қақпашы Брызгалов «Виннипег Джетс» командасына қарсы ойында 24 соққыны қайтарып, бірде-бір шайбы өткізбеген. Оның командасы 1:0 есебімен жеңді.

Бірінші жұлдыз болып «Калгари Флэймз» командасының қақпашысы Кари Рамо танылса, үштікті «Анахаймның» қақпашысы Джон Гибсон түйіндеді.