Орта салмақтағы WBC тұжырымы бойынша бұрынғы әлем чемпионы мексикандық боксшы Хулио Сезар Чавес WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкинге қарсы жекпе-жек қарсаңында бапкерсіз қалды.  

Ресей басылымдарының ақпаратына сүйенсек, Чавес белгілі маман Роберт Гарсияның қол астында жаттыққысы келген, десекте олар әлі келісімге келген жоқ. Ал, Чавестің бұрынғы бапкері Фредди Роач шәкіртін кездесуге дайындай алмайтын болды. Осылайша, мексикандық боксшыны Владимир Бельденбро жекпе-жекке дайындауы ықтимал.

Естеріңізге сала кетсек, Чавес — Головкин жекпе-жегі 19-ші шілде күніне жоспарланған.