Латвияның Вентспилс қаласында 6-шы сәуір күні басталған әйелдер арасындағы хоккейден әлем чемпионатының алғашқы ойындары өтті.

Алғашқы ойында Қазақстан құрамасы КХДР құрамасына 0:3 есебімен жеңілді. Бұл матчта О Чол Ок екі шайба соғып және бір нәтижелі пас берумен көзге түсті.

 

Қазақстан – КХДР 0:3 (0:1, 0:1, 0:1)

0:1 – О Чол Ок (Хан Сон Уй, Ким Кум Бок) – 12:04

0:2 – О Чол Ок (Рю Хьен Ми, Ким Кум Бок) – 27:18

0:3 – Ким Хьян Ми (О Чол Ок, Рю Хьен Ми) – 54:50

Қақпашылар: Раушанова – Ри Хье Юн