Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова мен испандық теннисші Анабель Мединой Гарригес АҚШ-тың Чарлстон қаласындағы WTA Family Circle Cup турнирінің жұптық сайысында жеңімпаз атанды.

Шведова мен Медина Гарригес финалда қытайлық қарсыластары Чань Хао-Чин мен Чань Юн-Янь жұбынан басым түсті – 7:6 (7:4), 6:2.