«Тараз» футбол клубының бас бапкері Арно Пайперс «Астанамен» өткен матчтан кейін журналистердің сұрақтарына жауап берді.  

«Мақсатымыз – үздік алтылыққа кіру, десекте бұл мақсатқа жету үшін көп еңбек ету керек. Чемпиондыққа – «Астана», «Шахтер», «Ақтөбе» командалары таласады деген ойдамын», - деді Пайперс «Астана» футбол клубының ресми сайтына.