Қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов Team Germany командасының өкілі Вячеслав Керберді жеңіп, өз командасын жартылай финалға алып шықты.

69 келі салмаққа дейінгі боксшылардың кездесуі жерлесіміздің пайдасына шешілді (50:45, 50:45, 49:46). Осылайша, қос ұжымның арасындағы теке терестің есебі «Астана Арланстың» пайдасына 6:2 болды. Бұл қазақстандық команда жартылай финалға уақытынан бұрын жолдама алып қойды деген сөз.

Естеріңізге сала кетсек, алдымен «Астана Арланстың» капитаны Самат Башенов неміс Артур Брилден басым түссе, кейін Мирас Жақыпов Ронни Бабликті тізе бүктірді.Германияда өткен бұл командалар арасындағы алғашқы кездесуде жерлестеріміз 2:3 есебімен басып түскен еді.