Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының 4-ші турында шымкенттік «Ордабасы» өз алаңында қостанайлық «Тобылмен» кездесті.

Жуырда «Ордабасы» футбол клубының бас бапкері атанған Саулюс Ширмялистің командасы «Тобылдың» қақпасына үш жауапсыз гол соқты. Алдымен, Абдулай Диакате бұрыштамадан есепті ашты. Содан соң, Эдин Юнузович әдемі соққымен есепті еселеді. Артынша, сербиялық легионер қостанайлық команданың голкипері Петуховпен бірге-бір шығып қақпашыны қапы қалдырды – 3:0.  

Футболдан Қазақстан чемпионаты. 4-ші тур.

«Ордабасы»-«Тобыл»-3:0

Голдар: Диакате, 31, Юнузович, 69, 81