Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының 4-ші турында «Спартак» Өскеменде қарағандылық «Шахтерден» ұтылды.

Матч өте тартысты өрбіді. Алдымен, 28-ші минутта Никола Василевич кездесудегі жалғыз голды соқты. Содан соң, бірінші таймның аяқталар тұсында Шахтер қорғаушысы Яго Фернандес пен Спартактың ойыншысы Бауыржан Тұрысбекке қызыл қағаз көрсетілді. Осылайша, «Шахтер» қатарынан екінші жеңісіне қол жеткізді.

«Спартак»-«Шахтер»-0:1(0:1)

Гол: Василевич, 28

Алаңнан қуылды: Тұрысбек, 45+3 – Фернандез, 45+3