«Байер» футбол клубының бас бапкері Сами Хююпия жұмыстан босатылды.  

Естеріңізге сала кетсек, Хююпияның командасы Бундеслиганың 29-шы турында «Гамбургтан» 1:2 есебімен ұтылған болатын. Леверкузендік клубтың уақытша бас бапкері болып Саша Левандовски тағайындалды.  

Германия басылымдарының ақпаратына сүйенсек, жаңа маусымнан бастап команданы «Вердердің» бұрынғы бапкері Томас Шафф жаттықтырады.