Златан Ибрагимович «Пари Сен-Жермен» мен «Челси» арасында болатын қарымта ойынға қатыспайды. Өткен матчта жарақат алған Златан алдағы бір ай көлемінде алаңға шықпайды.

 

«Златан «Челсимен» болатын қарымта кездесуде командаластарына көмектесе алмайды. Бұл жағдай бізге ауыр тиді. Әлі де медициналық - сараптамалық тексеріс нәтижесін күтудеміз, бірақ Златан кем дегенде бір ай алаңға қайтып оралмайды» - дейді «ПСЖ» президенті Нассер Аль-Хелаифи.