«Бавария» командасының голландиялық шабуылшысы Арьен Роббен Чемпиондар Лигасы аясындағы МЮ-ге қарсы қарымта кездесу алдында өз пікірімен бөлісті.

«Ағылшындар қарымта ойында жиі шабуылдайды деп ойламаймын. «Бавария» үшін бұл маңызды емес. Мюнхенде жанкүйерлеріміздің қолдауымен жеңіске жетуіміз керек. Дегенмен, қорғаныста мұқият ойнауымыз қажет», — деді Роббен германиялық БАҚ өкілдеріне.

Естеріңізге сала кетсек, қос команда арасындағы бірінші ойын 1:1 есеппен тең аяқталды.