Литвалық маман Саулюс Ширмялис шымкенттік «Ордабасы» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды, деп хабарлайды команданың баспасөз қызметі.

Ширмялис бапкерлік мансабында - «Жальгирис» (Вильнюс), «Каунас», «Экранас» (Паневежис), латвиялық «Вентспилс», оралдық «Ақжайық» және Литва жастар құрамасын жаттықтырған.