«Кайрат» сапына жаңадан қосылған Жарко Маркович «PROСПОРТ Қазақстан» тілшісімен әңгіме барысында не себепті үш турда жеңіліске ұшырағанын және Қазбек Гетериевпен болған қақтығыс туралы айтып берді.«Осындай ойыннан кейін, не айтарымды да білмеймін! Біз жеңісті қолымыздан жіберіп алдық. Қарсыласымыз мықтырақ болған шығар. Владимир Вайстың бетіне қалай қараймыз... Жеңіс үшін біз көп тер төгіп, екі-үш гол соғуымыз керек. 

Мен Қазақстанда үш матч өткіздім. Біз жеңіліп жатқанда қарсыластармыз, көп құлап уақыт соза бастады. Таза ойнау керек. Мен Қазбек орынан тез тұрып, алаңды босатуы үшін арқасынан қақтым, ал ол болса ашуланып кетті».