«Бейра-Мар» футбол клубының шабуылшысы Алексей Кучук мансабын «Атырауда» жалғастырады, деп хабарлайды ресейлік БАҚ өкілдері.

Айта кетер жайт, Алексей Кучук Ресей чемпионатының көшбасшы командасы «Локомотив» ФК бас бапкері Леонид Кучуктың ұлы.

Алексей молдавиялық «Шериф», ресейлік «Кубань», «Енисей», латвиялық «Вентспилс», белоруссиялық «Белшин» мен «Витебск» командаларында ойнады. Сонымен қатар, жастар Белоруссия құрамасында 18 матч өткізіп 3 гол соқты.