Атақты швейцариялық теннисші Роджер Федерер Женеваға жетіп құрама командасының сапында алғашқы жаттығуын өткізді.

Сүйікті теннисшілерінің аяқ алысын аңдып келген жанкүйерлердің қарасы көп болды. Жолығуға бүгін мыңға тарта жанкүйер жиналды.

Қолтаңба алам деп келгендер спортшыға жейде мен қағаз ұсынса, жаздыратын түк таппағандары аяқ киімін «тықпалады».

Роджерге деген сый құрметтің еуропалық көрінісі бұл. Таң қаларлық жайт емес. 

Ал бүгін Дэвис кубогының жеребе тарту рәсімі өтеді. Алдын ала болжам бойынша, жарыстың бірінші күні Федерер мен Кукушкин, Голубев пен Вавренка кездесуі мүмкін.

Естеріңізге сала кетейік,  қос құрам арасындағы матч сәуірдің 4-і мен 6-сы аралығында өтеді.

Олжас НҰРАЗХАН, Женевадан

«Мақсат» теннис академиясы - «PROСПОРТ Қазақстанның» серіктесі