24-жасар жартылай қорғаушы Тарас Царикаев Қазақстан азаматтығын алып, бүгін «Ақтөбе» клубының ойыншылар тізіме енді.

Құжаттардың кешігуіне байланысты Суперкубок ойыны мен ел біріншілігінің алғашқы үш матчын жіберіп алған Царикаев «Ақтөбеде» 6-шы нөмірмен ойнайтын болады. Батысқазақстандықтардың жаңа ойыншысы өз мәнсабын «Автодор» клубында бастаған. 2009 жылдан бастап владикавказдық «Алания» сапында тер төгіп капитан атанған. Футболшы ресейлік ұжымның жейдесімен 86 рет алаңға шығып, 1 рет көзге түскен.