Бүкіләлемдік бокс сериясының финалдық кездесуін Украина өткізуден бастартқаннан кейін, кейбір БАҚ өкілдері ақтық матч Қазақстанда өтуі мүмкін деп жазған болатын. «Астана Арланс» кәсіпқой клубының бас директоры Болат Манкенов, WSB бүкіләлемдік бокс сериясының финалдық матчын Қазақстанда өткізу туралы ұсыныс жасаған жоқ,- деп хабарлайды «Қазақстан-Жаңалықтар» тілшісі.

«Қазақстанда финалдық ойынды өткізу туралы ұсыныс жасалған жоқ. Жуық арада бұл мәселені AIBA және WSB бірігіп шешеді. Негізгі, үміткерлер – Ресей мен Әзірбайжан.», — деді Манкенов