Бүгін Швейцарияның Женева қаласында, Дэвис кубогында кездесетін қос құраманың өкілдері матч алдындағы баспасөз мәслихатын өткізді.

«Аustralia Open» ашық біріншілігінің жеңімпазы Станислас Вавринка журналистердің сұрақтарына жауап берді.  Команда көшбасшысы Роджер Федерер қатарға қосылып үлгермегендіктен жиында төбе көрсетпеді.

- Турнирлік кестедегі жағдайларыңыз жаман емес... Сіздер үшін жарысты ұтуға тамаша мүмкіндік туда, солай ма?

Төрт жыл бұрын Қазақстан құрамасы бізді 5:0 есебімен ойсырата жеңгені әлі есімде. Бірақ ол кездегі командамен, бүгінгі ұжымды салыстыруға келмейді. Мұнда бізді жанкүйерлер қолдайды. Сондықтан ештеңеден қорықпаймыз. Біз үшін бұл тамаша мүмкіндік. Швейцария құрамасы көптен күткен Дэвис кубогын ұтып алуға жақын.

- Қазақстендық теннисшілермен талай рет кездестіңіз. Кімді мықты қарсылас деп санайсыз?

- Қазақстан  биыл өте мықты құраммен келді. Әсіресе, Кукушкинді ерекше атап өткім келеді. Биылғы жылы ол жақсы өнер көрсетуде. 

 

Олжас НҰРАЗХАН. Швейцарияның Женева қаласынан

* Демеушіміз  «Мақсат» теннис академиясы