Қазақстандық теннисші Алесандр Недовесов  Дэвис Кубогы аясындағы Швейцарияға қарсы матчқа шығады, деп хабарлайды «PROСПОРТ Қазақстан» тілшісі.

Аталмыш спортшы ұлттық құрама тізіміне ілінді. Сондай-ақ Женеваға Қазақстан құрамасы сапында Андрей Голубев, Михаил Кукушкин мен Евгений Королев аттанды. Команда капитаны Диас Доскараев Недовесовқа үлкен сеным артып, негізгі құрамнан орын беріпті. 

«Александр Недовесов – болашағынан үміт күттіретін талантты спортшы. Былтырғы жылы ол үздік жүз теннисші қатарына енген. Ал қазіргі таңда отандасымыз – 76-шы. Жарыс барысында өзін мықты қырынан танытады деген сенім мол, - деді Доскараев. 

Олжас НҰРАЗХАН, Швейцврияның Женева қаласынан

*Демеушіміз – «Мақсат» теннис академиясы