32-жастағы мадридтік «Реалдың» қақпашысы  Диего Лопес маусым аяқталған соң корольдік клубтан кетеді. 

«Галактикос» сапында осы жылы Икер Касильястың орнын басқан қақпашы өзіне жасалатын қысымға шыдай алмайтынын айтты, - деп хабарлайды Cadena Ser

Қазірдің өзінде Лопеске Италия мен Англияның жетекші клубтары ұсыныс жасауда. Тағы да қақпашыға «Милан» қызығушылық танытып отыр.