Кәсіпқой-теннисшілер Ассоциациясы (ATP)  әлемнің үздік теннисшілер рейтингісін жариялады

Алғашқы бестікке чехиялық Томаш Бердых қайта кіріп, испаниялық теннисші Давид Феррер түсіп қалды. Швейцариялық Роджер Федерер 5-ші орыннан 4-ші орынға көтерілді. Сербиялық Новак Джокович Майамидағы жеңісінің арқасында әлемнің бірінші ракеткасы испаниялық Рафаэль Надальға бір сатыға жақындады.  Үшікті швейцариялық Станислас Вавринки түйіндеді.

Михаил Кукушкин 56-шы орынын сақтап қалды, ал Андрей Голубев және Александр Недовесов бірнеше сатыға жоғарылады. Голубев 64-ші, Недовесов – 76-шы.

ATP рейтингісі:

1. Рафаэль Надаль (Испания) (0)

2. Новак Джокович (Сербия) (0)

3. Станислас Вавринка (Швейцария) (0)

4. Роджер Федерер (Швейцария) (+1)

5. Томаш Бердых (Чехия) (+2)

56. Михаил Кукушкин (Қазақстан) (0)

64. Андрей Голубев (Қазақстан) (+6)

76. Александр Недовесов (Қазақстан) (+2)

449. Евгений Королев (Қазақстан) (-7)

601. Денис Евсеев (Қазақстан) (+4)