Мексикандық боксшы Хулио Сезар Чавес Геннадий Головкинге қарсы кездесуде жеңіске жететінін айтты.

 «Головкин соңғы екі жылда көп жұмыс жасады. Қарсыластардың барлығын нокаутпен ұтты. Менің ойымша, бұл өте қызықты жекпе-жек болмақ. Дегенмен, Головкинді ұтатыныма сенімдімін» - деді Чавес BoxingScene.com сайтына. 

Естеріңізге сала кетсек, жекпе-жек 19-шы сәуір күні АҚШ-та өтуі мүмкін.