Футзалдан ел чемпионаты аясында қарағандылық «Тұлпарейік. мен алматылық «Қайрат» арасындағы кездесу ойналды.

Естеріңізге сала кетсек, қос команда арасындағы бірінші кездесу «кеншілердің» пайдасына 8:7 есебімен шешілген болатын.

Бұл жолы алматылықтар тартысты кездесуде 5:2 есебімен жеңіске жетті. Алдымен, Николай Пенгрин бірінші таймның ортасында гол соқты. Ал екінші таймда Довгань таразы басын теңестірді. Бір минуттан кейін, Лео алматылық команданы алға шығарды. Артынша, Кафе есепті 3:1-ге жеткізді. Кейін, Лео дубльдың авторы атанса, Алешандре есепті ірі қылды. Ал ойынның соңғы минутында Павел Таку жалпы есепті қорытындылады - 2:5.

 

«Тұлпар»  - «Қайрат»  - 2:5 (0:1)    

Голдар: Довгань 26, Таку 40 -Пенгрин 11, Лео 27, 38, Кафе 32, Алешандре 34                                                                                    

«Тұлпар»: Перемышлин, Мун, Гребонос, Талес, Першин, Шорин, Есенаманов, Довгань, Таку, Тихонов, Кнауб, Алин, Мадияров

«Қайрат»: Игита, Халявин, Жаманқұлов, Пенгрин, Сүлейменов, Лео, Алешандре, Мұрзабаев, Эулер, Кафе, Кайо, Парух, Балтабаев

Төрешілер: Нагишпаев (Семей), Галаев (Қостанай)

Ескерту алғандар: Кайо 14, Лео 31

30-шы наурыз. Қарағанды. «Тұлпар» спорт кешені.