5 шілде Алматыда өтетін кәсіпқой бокс кешінде Қазақстандық боксшы Абылайхан Құсайынов кезекті жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы боксшы Instagram-дағы жеке парақшасында жазды. Ол мансабындағы алғашқы титулдық кездесуін өткізгелі отыр.

Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтетін бокс кешінде жеңіл салмақта NBA белдігін сарапқа салады.

«Ин ша Аллаx 5-ші шілде күні Алматы қаласында өтетін бокс кешінде өзімнің бірінші титулдық жекпе-жегімді өткіземін!», - деп жазды Құсайынов.