Суперауыр салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы британиялық Тайсон Фьюри неміс боксшысы Том Шварцты ұтты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

WBO тұжырымы бойынша интерконтитентал чемпионы титулы сарапқа салынған жекпе-жек Лас-Вегастағы MGM Grand аренасында өтті.

Екінші раундтың соңында Фьюри қарсыласын нокдаунға түсіріп, кейін соққыларын қайта жалғастыра берген. Рефери жекпе-жекті тоқтатып, техникалық нокаут тіркеді.

Осылайша, Фьюри кәсіпқой рингте 28 рет жеңіп, бір рет жеңіліп қалды. Ал Шварц 25 жекпе-жекте алғаш рет жеңіліп отыр.