Сесиль Каратанчева АҚШ-тың Чарлстон қаласында өтіп жатқан WTA Family Circle Cup турниріндегі іріктеу кезеңнің финалына шықты. 
 
Іріктеу айналымның жартылай финалында қазақстандық теннисші үш сетте американдық Саназ Марандты ұтты – 3:6, 6:2, 6:1.
 
Жарыстың негізгі кезеңіне жолдама үшін Сесиль финалда ресейлік Алла Кудрявцевамен күш сынасады.