Жартылай ауыр салмақтағы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы 30-жастағы ресейлік боксшы Сергей Ковалев чемпиондық атағын сәтті қорғады.
 
АҚШ-тың Атлантик-Сити қаласында өткен Сергей Ковалев пен американдық Седрик Эгнью арасындағы жекпе-жек тәжірибелі боксшының пайдасына шешілді. Сергей қарсыласын жетінші раундта нокаутпен ұтты.