Мәнерлеп сырғанаудан 2022 жылғы әлем чемпионаты франциялық Монпельеде өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Мұндай шешімді ISU кеңесі қабылдады. Монпельедегі турнир 2022 жылдың 21-27 наурызы арасында өтеді.

Ал мәнерлеп сырғанаудан 2022 жылғы Еуропа чемпионаты Таллинде өтеді. Турнирдің уақыты – 10-16 қаңтар.