Орта салмақтағы WBA және IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин  мексикалық былғары қолғап шебері Хулио Сесар Чавеспен кездескеннен кейін суперорта салмақтан орта салмаққа қайта оралмақшы. Бұл туралы Головкинның промоутер Том Леффлер хабарлады.

«Головкин Чавеспен жекпе-жекке шығу үшін салмағына 168 фунт  қоспақшы. Бұл талапты мексикалық команда қойып отыр»,-деп жазады Вoxingscene сайты..

Том Леффлердің айтуынша Хулио Сесар Чавеспен кездесу өткізгеннен кейін,  аргентиналық Серхио Мартинес пен пуэрторикалық Мигель Котто арасындағы жекпе-жектің жеңімпазымен кездестірмекші.

Естеріңізге сала кетсек, Геннадий Головкин мен Хулио Сесар Чавес кездесу 19 шілде күні өтеді. Том Леффлер мексикалық боксшы салмағын шамадан тыс асырып жіберсе 1 миллион АҚШ доллары көлемінде айыппұл төлейді деп хабарлайды.