WSB Бүкіләлемдік бокс сериясының төртінші маусымының Astana Arlans және Team Germany командалары арасындағы 1/4 финалының бірінші кездесуінде 91 кг салмақтағы Артур манн мен Василий Левит жекпе-жекке шықты.

Левит алғашқы кезеңді жақсы бастады. Бірқалыпты қарсыласына шабуыл жасап тұрды, ал Артур Манн болса, алғашында қорғаныста жатып алды, сосын қарсыласын соққының астына алды.

Әдетте ауыр салмақтағы боксшылар үшінші раундқа келгенде шаршап қалып жататын, бірақ бүгін Василий Левит ерекше жігермен шығыпты, соққы жасауды бір сәтке де тоқтатпады. Манн өз кезегінде, қорғаныста сәтті қимылдады.

Соңғы бесінші раундта ешқандай өзгеріссіз Василийдің басымдығымен өтті. Артур болса бүкіл кезең бойы қорғануға мәжбүр болды.

Соңғы шешуші жекпе-жекте, бес раундтың қорытындысы бойынша 0:3 (44:50, 45:50, 45:50) қазақстандық былғары қолғап шебері Василий Левит жеңіс туын желбіретті. Сөйтіп, сырт алаңда 2:3 есебімен Aстана Арландары Team Germany командасын ұтты.