Бірінші жартылай орта салмақта WBA чемпионы Реджис Прогрейс UFC-дің бұрынғы чемпионы Конор Макгрегорды жекпе-жекке шақырды.

«Мен сенімен екі жекпе-жек өткізуге дайынмын. Біреуі бокс, екіншісі ММА ережесімен өту қажет», — деп жазды спортшы.

Прогрейс бұған дейін де Макгрегорды жекпе-жекке шақырған болатын.

Айта кетейік, Макгрегор соңғы жекпе-жегінде ресейлік Хабиб Нурмагомедовке есе жіберді.