Испания ұлттық құрамасының бұрынғы ойыншылары Хави, Виктор Вальдес, Рауль және Хаби Алонсо УЕФА-ның бапкерлік лицензиясын алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұлардан бөлек жаттықтырушыларға арналған лицензияға Хоан Капдевила, Жулио Баптиста, Эстебан Камбьяссо, Альберт Риералар да қол жеткізді.

Айта кетейік, Хави катарлық «Аль-Садд» командасын 2020 жылға дейін баптайды. Ол болашақта «Барселонаны» жаттықтырғысы келетінін жасырмайды.

Ал Хаби Алонсо «Реала Сосьедадтің» екінші командасының тізгінін ұстады. Сол секілді Рауль де мадирдтік «Реалдің» қосалқы құрамын жаттықтырып жүр.