WSB Бүкіләлемдік бокс сериясының төртінші маусымының Astana Arlans және Team Germany командалары арасындағы 1/4 финалының бірінші кездесуінде 49 кг салмақтағы Овидиу Берцану және Теміртас Жүсіпов жекпе-жекке шықты.

49 кг салмақта бокстасатын былғары қолғап шебері Мардан Берікбаевтің орнына Теміртас Жүсіпов шықты. Теміртас 2013 жылғы Азия чемпионы.

Барлық бес раунд Теміртас Жүсіповтың пайдасына шешілді. Бес раундта да төрешілер Теміртастың жағында болды. Теміртас шапшаң қимылдап, Берцануды соққының астына алды. Есеп: 0:3 (45:50, 45:50, 45:50).

Осылайша Теміртас жең3ске жетіп, Astana Arlans-тың қоржынына алғашқы ұпайды салды.