«Барыс» хоккей клубы канадалық қақпашы Эдди Паскуалемен құрамын толықтырғанын ресми мәлімдеді. Хоккейші 2020 жылдың 30 сәуіріне дейін бір жақты келісім-шартқа отырды.

Эдди Паскуале Торонто қаласының тумасы. Соңғы бір жарым жыл Ұлттық хоккей лигасының командасы саналатын «Тампа Бэй Лайтнинг» (Tampa Bay Lightning) клубының жүйесіне кіретін «Сиракьюз Кранч" (Siracuse Crunch) фарм-командасында өнер көрсетті.

Ұлттық хоккей лигасындағы алғашқы ойынын өткен жылдың желтоқсанында «Детройтқа» қарсы өткізген. Сол ойында «Тампа» буллитер сериясында 6:5 есебімен жеңіске жеткен болатын.