WBA және IBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин Шығыс Еуропаның 10 үздік былғары қолғап шебері рейтингісінде екінші орынға жайғасты.

 

Геннадий кәсіпқой бокста 29 кездесу өткізіп, соның 26-сын уақытынан бұрын нокаутпен аяқтаған. Сондай-ақ Қазақстандық былғары қолғап шебері қазіргі кездегі әлемнің ең үздік нокаутшысы болып саналады.

 

Бұл рейтингте бірінші сатыға WBA, WBO, IBF және IBO тұжырымдары бойынша ауыр салмақтағы әлем чемпионы, украиналық боксшы Владимир Кличко орналасты. Үштікті WBO нұсқасы бойынша жартылай ауыр салмақтағы әлем чемпионы, ресейлік Сергей Ковалев түйіндеді.

 

Сонымен қатар, тізімнің алғашқы ондығына Руслан Проводников (Ресей), Евгения Градович (Ресей), Марко Хук (Германия), Кубрат Пулев (Болгария), Александр Поветкин (Ресей), Вячеслав Глазков (Украина) және Томаш Адамек (Польша) кірген.